422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Қырғызстанның премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

  • 93
  • UPD: 17:33, 05.11.2020
А.Мамин Қырғызстанның премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті primeminister.kz

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының премьер-министрі, президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.

Хабар 24 телеарнасы