425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР мен Нидерланд сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті

  • 104
  • UPD: 10:08, 06.11.2020
ҚР мен Нидерланд сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті ҚР СІМ

Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Нидерланд Сыртқы істер министрліктері арасындағы екінші консультациялар өтті.

Іс-шара барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Нидерланд тарапы Қазақстанның өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып жүрген мазмұнды үлесін, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдар аясында және Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасы бағыты бойынша Нұр-Сұлтан мен Гаага арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Премьер-министр А.Маминнің 2019 жылы Нидерландқа жасаған ресми сапарының қорытындыларын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

Атап айтқанда, тараптар арасында «Farm Frites» пен «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» компаниялардың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асырудағы жұмысты оң бағалады.

Іс-шара соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл спектрі бойынша Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатындағы ортақ жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Консультацияларға Нидерланд тарапынан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры Эрика Шоутен, Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Андре. Карстенс және Елшілік пен СІМ қызметкерлері қатысты. Қазақстан тарапынан Еуропа департаментінің директоры Тимур Сұлтанғожин, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші – ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев, СІМ және Гаагадағы елшілігіміздің қызметкерлері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы