425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

  • 147
  • UPD: 12:28, 08.11.2020
Елбасы Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді АҚШ Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы