424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Латын әліпбиін енгізу бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес

  • 98
Президент: Латын әліпбиін енгізу бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес

Ақордада қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент төрағалығымен ұйымдастырылған жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысының назарына ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпбидің жаңа жобасы ұсынылды.

Дегенмен Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиді қабылдау кезінде асығыстық танытуға болмайтынын мәлімдеді. 

«Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса тіпті бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицаны латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы  біртіндеп жүзеге асуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы