422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

  • 87
  • UPD: 10:22, 10.11.2020
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті ҚР СІМ

Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында биыл өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. М.Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті.

Тараптар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды.

Диалог дәстүрлі түрде сындарлы және сенімді түрде өтті.

Хабар 24 телеарнасы