422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте техникалық реттеу туралы заң жобасы қаралды

  • 103
  • UPD: 12:55, 11.11.2020
Мәжілісте техникалық реттеу туралы заң жобасы қаралды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі техникалық реттеудің негізгі мәселелерін атады.

Олар: нарықты қорғау жүйесінің жеткілікті дәрежеде тиімді болмауы, отандық өндірушілердің техникалық реттеу талаптарын толық орындамауы, өзара ақпарат алмасудың әлсіздігі және сертификаттау процесінің қағаз жүзінде жүзеге асуы. Сала басшысы өз сөзінде ұсынылып отырған заң жобасының осы мәселелерді шешуге арналғанын айтты.

Атап айтқанда, құжат ішкі нарықты тазалауды, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіруді, сертификаттау процесін цифрландыруды, экономикалық салаларда техникалық реттеуді күшейтуді көздейді. Айта кетейік, заң жобасы Мәжіліске 2020 жылғы 10 шілдеде енгізілді. Құжат Мемлекет басшысының техникалық реттеу туралы заң дайындауға қатысты берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Хабар 24 телеарнасы