422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ Таулы Карабахта әскери іс-қимылдардың тоқтатылуына қатысты мәлімде жасады

  • 106
  • UPD: 14:55, 11.11.2020
ҚР СІМ Таулы Карабахта әскери іс-қимылдардың тоқтатылуына қатысты мәлімде жасады

ҚР СІМ Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Карабах қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалайтынын хабарлады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Карабах проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

– Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.

Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз, – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы