425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Азаматтардың құқығын қорғауды күшейту туралы» заң мақұлданды

  • 121
  • UPD: 15:39, 11.11.2020
«Азаматтардың құқығын қорғауды күшейту туралы» заң мақұлданды

Мәжілістің жалпы отырысында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бір топ Парламент депутатының бастамасымен әзірленген құжат қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, Қылмыстық-процестік кодекске енгізілгелі отырған түзетулер тараптардың пікірін ескере отырып, қылмыстық процесті электрондық форматта жүргізуді көздейді. Бұл процеске қатысушылар құқығының теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа заң жобасы сотқа дейінгі тергеу мекемелерін адам құқығы мен бостандығына қатысты маңызды шешімдерді прокурормен келісуге міндеттейді.

«Бұл прокуратураның жауапкершілігін күшейту үшін жасалып отыр», – дейді депутаттар.

Хабар 24 телеарнасы