423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Халық коммунистік партиясы атауын өзгертті

  • 165
  • UPD: 22:55, 11.11.2020

Қазақстан халық коммунистік партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді ол «Қазақстан халық партиясы» деп аталады. Ұйымның жаңа төрағасы мен орталық комитетінің мүшелері де сайланды.

Қазақстан коммунистік халық партиясының атауын өзгерту жөніндегі ұсыныс бүгін елордада өткен кезектен тыс 15-съезде айтылды. Қатысушылардың басым бөлігі бастамаға қолдау білдірді. Сөйтіп, партия атауынан коммунистік деген сөз алынып тасталды. 

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан халық партиясының хатшысы:

- Бұл бұрыннан ойланып келе жатқан шешім. Көп ойландық. Өткенде Президенттік сайлауға қатысқанда жақсы жақтарын, жаман жақтарын да түсіндірді. Осындай ұсынысты қазіргі жастарды коммунистік идеяны қабылдай алмауынан туындады біріншіден. 

Съезде партия төрағасы қызметіне Айқын Қоңыров сайланды. Ал орталық комитеттің мүшелері ретінде Жамбыл Ахметбеков, Гауһар Нұғыманова, Виктор Смирнов және Тұрғын Сыздықов бекітілді. Партияластар енді Мәжіліс сайлауына дайындалады және жақтастардың қатарына жастарды тартпақ. 

Айқын Қоңыров, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:

- Ребрендингтің негізгі мақсаты - бұл біз өзіміздің жақтастарымыздың санын арттыру. Яғни партиямызға жастар да мүше болғанын қалаймыз. Қазақстанда қазір әлеуметтік әділеттілікті қалайтын кейінгі буын өкілдері көп. Экономикалық дағдарыс олардың да мүмкіндігін азайтты. Жұмыс таппай, табысын жоғалтқандар бар. Мемлекет қазір жастарды қолдау және дамытуға қатысты тиімді бағдарлама ұсынып отырған жоқ. 

Партия жеке тұлғаларға несие амнистиясын жасау жөнінде бастама да көтеріп отыр. Қазіргі жағдайда қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға мұндай қолдау аса қажет.

«Әсіресе бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты жою үшін мемлекет бұл қадамға баруы тиіс» дейді Қазақстан халық партиясының өкілдері.

Авторлар: Рауан Мыңбаев, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы