423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Елбасы туралы жаңа кітап шықты

  • 82
Алматыда Елбасы туралы жаңа кітап шықты

Зиялы қауымның Ұлттық ғылым академиясында бас қосуының өзіндік себептері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 жыл бұрын дәл осы ғимаратта еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдардың 100% дауыс беруімен Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды. Өйткені Тұңғыш Президенттің докторлық жұмысы ел экономикасының жаңа бағытта өзгеруін діттеген реформаның негізі болды. Осы және өзге де тың деректер туралы жазылған биобиблиографияда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі, стратегиялық бағдарламалары, түрлі басылымдарда жарияланған мақалалары жинақталған. Жиында Елбасы кітапханасы мен Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

– Мұның маңызы өте зор. Өйткені бұл Қазақстан ғылымының халықаралық аренаға шығып, алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде ғылыми қауымдастық құрып, мегажобалармен бірлесіп жұмыс істеуге, жалпы адамзатқа қажет ғылыми зерттеулерді өткізуге көмегін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы