425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутат: Балаларға 18 жасқа толғанша жәрдемақы берілуі керек

  • 211
  • UPD: 22:01, 12.11.2020
Депутат: Балаларға 18 жасқа толғанша жәрдемақы берілуі керек

Елімізде бала капиталын құру керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенатор Әли Бектаев осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан дүниеге келген әрбір балаға кәмелеттік жасқа толғанша жәрдемақы берілу керек. Арнайы карта ашып, қазынадан бөлінетін қаражатты соған аударып отыру қажет. Бұл ақша тек баланың игілігіне жұмсалуы тиіс. Сенатор мемлекеттен бөлінген қаражат кейін еселеп қайтатынына сенімді. Өйткені бұл көмек балалардың сапалы білім алуына, еліне адал қызмет ететін маман болып жетілуіне септігін тигізеді. Әли Бектаев ауыл халқының зейнетақысына қатысты алаңдаушылық білдірді. Шалғай елді мекенде тұратындар тұрақты жұмыс істемейді, сондықтан олар аз зейнетақы алады.

Әли Бектаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

– Ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындарының болмауынан, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендігінен, жалақының аздығынан ауыл еңбеккерлерінен зейнетақы жинақтау қорына түсетін түсімдердің көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Ертең ауыл тұрғындарының бұл қордан алатын зейнетақысы да мардымсыз болатыны айдан анық.

Хабар 24 телеарнасы