420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға ұшып келген Ресей Елшілігінің қызметкерінен коронавирус анықталды

  • 88
  • UPD: 16:14, 13.11.2020

Қазақстанға ұшып келген Ресей Федерациясы Елшілігінің қызметкерінен коронавирус анықталды. 

Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді. Елордаға ұшып келген бетте Елшілік қызметкерінен ПТР тест алынған еді. Сынама оң нәтиже көрсеткен соң қызметкер дереу 14 күнге оқшауланды. Жалпы өткен түнде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Грузия және Ресейден бортында 856 жолаушысы бар 8 ұшақ келіп қонды. 46 адамның қолында ПТР тест нәтижесі болмаған.

Хабар 24 телеарнасы