423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Түркі академиясының мәртебесі айқындалды

  • 83
  • UPD: 20:50, 16.11.2020
Елімізде Түркі академиясының мәртебесі айқындалды

Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды. Түркі академиясы Тұңғыш Президент – Елбасы, Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері елордада орналасқан. Академияның мүшелері – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Хабар 24 телеарнасы