423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Екінші толқынды қатаң карантинсіз өткізу керек

  • 133
  • UPD: 09:54, 17.11.2020
Президент: Екінші толқынды қатаң карантинсіз өткізу керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вируспен күресу жолдары жөніндегі отырыста осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, пандемияның екінші толқыны ел экономикасының күрделі кезеңімен тұспа-тұс келеді. Мемлекет басшысы өңірлерде коронавирустың өсіміне байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Вирус жұқтырғандарды барынша дәл есепке алуды жүйелі ұйымдастыру керек. Бірқатар облыста коронавирустың жаңа жағдайларын жасыру фактілері анықталған. Жиында Медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуді жалғастыру мәселесі сөз болды. Президент емханалардың сақадай сай болуын қамтамасыз етіп, отандық вакцинаны өндіріске кідіріссіз енгізуді тапсырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Ресей Президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр. Парламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізу керек.

Хабар 24 телеарнасы