425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасына қатысты пікір білдірді

  • 68
  • UPD: 20:10, 17.11.2020
Президент Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үйін салу жобасына қатысты пікір білдірді.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақүйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тарап, бұл жағдай халықтың ашу-ызасын туғызған еді. Кейін Бозжырада қонақүй салу жобасына Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы