422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» ХДПП-ның кезектен тыс XVIII съезі өтті

  • 58
  • UPD: 15:20, 19.11.2020

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Мәжілісте шағын фракция құру мүмкіндігі бар.

Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, ол үшін кем дегенде 10-15 % сайлаушылардың қолдауы керек.

Ал бұл мақсатқа жету үшін партия үгіт-насихат жұмыстарын тиімді ұйымдастыруы тиіс. Бүгін саяси күш кезектен тыс XVIII съезін өткізіп, сайлауалды науқанға дайындығын пысықтады.

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімін бекітті. Оған дейін партия әр өңірде жиын өткізіп, аудан, қала облыс мәслихаттарына депутаттарды ұсыну мәселесін қараған еді. Сайлауалды платформаның негізі де осы жиындарда сарапқа салынды.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

– Сайлауалды бағдарламасы туралы айтатын болсақ, өздеріңіз білетіндей «Ел аманаты» деген үлкен жалпыұлттық сауалнама өткіздік. Оған екі мыңнан астам респонденттер қатысты. Сондағы түскен барлық сұрақ сарапталды. Соның ішінен халықтың 100% бірден қолдап отырған жеті мәселесі сайлауалды бағдарламамызға еніп отыр деп айтуымызға болады.

Бағдарлама азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлердің тұрмыстық жағдайы сынды бірқатар мәселені қамтыған. Тәуелсіз саясаттанушы Максим Казначеевтің пікірінше, мақсатты тобын айқындаған партия осылайша үгіт-насихат жүргізуге әлеуетінің толық жететінін аңғартты.

Максим Казначеев, саясаттанушы:

Егер партия мақсатты тобына бағытталған жұмысын тиімді жүргізсе, бұдан оң нәтиже шығуы мүмкін. Ауыл-аймақтағы сайлаушылардың үлесі электораттың 44% құрайтынын ескерген жөн. Әрине, оған бәрі бірдей дауыс бере қоймас, бірақ соның өзінде 10-15%қолдауға ие болуы мүмкін.

Алдағы сайлауда дауыс бергендердің саны 98 депутаттық орынға бөлінеді. Одан кейін әр партияға берілген дауыстар, бір депутаттық мандатқа қажет дауыс санына жіктеледі. Сондықтан бұл партияға неше мандат бұйыратынын сайлаушылардың белсенділігі ғана анықтайды. 

Авторлары: Бақыт Топтаева, Марат Диханбаев, Таир Мерекенов

Хабар 24 телеарнасы