423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

  • 65
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады.

Елбасы әлемдік дағдарыс, аймақтық сын-қатер және күрделі эпидахуал жағдайында ұлттық қауіпсіздікті нығайту қажеттігін атап өтті. Әсет Исекешев экономикалық, ақпараттық және әскери қауіпсіздік сынды негізгі бағыттар бойынша кеңес аппараты қолға алған жұмыстарға тоқталды. Кездесу қорытындысы бойынша қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар бағыт бойынша нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы