420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ADAL» саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімін бекітті

  • 89
  • UPD: 21:47, 19.11.2020

Ұсынылған 20 адамның ішінде партия төрағасынан бөлек, журналистер, спортшылар, кәсіпкерлер және филиал төрағалары бар. Бүгін партияның 7-съезінде саяси науқан кезіндегі жоспарлар айқындалып, жаңа сайт таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2013 жылы «Бірлік» деген атаумен құрылған партия 5 қарашадан бастап «Адал» болып өзгерді. Төраға Серік Сұлтанғалидың айтуынша, содан бері партия қатарына 5 мыңнан астам адам қосылып үлгеріпті. Жалпы, басымдық ел алдында жүрген беделді, іскер азаматтарға беріледі деді саяси ұйым жетекшісі. Жастарға да орын бар. 

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы жарияланды. Құжат бес бағыттан тұрады: атап айтқанда: Халықтың өмір сапасын көтеру; Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы; Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру; Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі; Өмірге қолайлы мемлекет. Партияның саяси кеңес мүшелері әр бағыт бойынша ұсыныстарды жария етті.

Сайлаушылар бағдарлама жобасы мен ұсыныстарды партияның бүгін таныстырылған су жаңа сайтында оқи алады. Бұл платформаның өзгешелігі – бірден бірнеше қызметті атқара алады дейді партия өкілдері.

Адал партиясы өз қатарына алуан түрлі мамандық иелерін тартып жатқанын айттық. Соның бір дәлелі – бүгін ғана қол қойылған Қазақстан фермерлер одағымен арадағы меморандум. Тараптар алдағы уақытта өзара тығыз жұмыс істеуге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы