423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы талқыланды

  • 51
Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы талқыланды

Қоғамдық бақылауға ақпараттың ашықтығы мен шешім шығаруға үлес қосу мүмкіндігі керек.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму туралы» Заң жобасын талқылау кезінде айтылды. Қатысушылар ақпаратпен қатар белгілі бір шешімге қатысты құжаттармен танысу қолжетімділігі жөнінде әңгімелесті. Оның ішінде: қаулылар, актілер мен бұйрықтар сияқты құжаттардың көшірмесін сұрау сияқты мәселелер де бар. Мәлімет ұсыну мерзімін қысқарту мәселесі де бар. Кейбір заңнамалардағы қарама-қайшылықтарды қайта қарау жайлы сөз болды. Айта кеткен жөн,заң жобасының мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару тетігіне араласу құқығын жүзеге асыруды көздейді. Аталған заң Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасында бар. Басқа да 30 елдің тәжірибесі ескеріліп жатыр.

Евгений Жовтис, құқық қорғаушы:

– Шешім шығару жүйесіне араласуға мүмкіндік беретін институттар мен түрлі тетіктер Қоғамдық бақылау туралы заң пайда болғанда ғана белгілі бір салмаққа ие болады. Жалпы осы бағытты еліміздің демократияға бастар жол екені деп білемін. Алайда 2015 жылы заң жобасы туралы бастамаға күмәнмен қарағаным рас. Жаңа негіздемелік заң көкейдегі сауалдарға жауап береді және кейбір қағидаттарды айқындай түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы