425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мың бала» байқауының қатысушылары ҚХА құрметіне бөленді

  • 49
  • UPD: 18:27, 20.11.2020

65 өнерлі жеткіншек Қазақстан халқы Ассамблеясының қошеметіне бөленді.

Тегі өзге ұлттан болса да олар «Мың бала» жобасының байқауына қатысып, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін танытты. Бірі қазақ тілінде ән салса, енді бірі қазақ поэзиясын жырлады. 

Айта кетерлігі, жыл сайын байқауға қатысушылардың саны артып келеді. Мәселен, былтыр жобаға түрлі өңірден 57 бала атсалысса, алдыңғы жылы олардың саны 47 болған еді. Биыл байқаудың марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылған жобаның мақсаты - мемлекеттік тілге деген құрметті дәріптеп, ұлтаралық татулықты насихаттау.

Виктория Трегубова, ҚР АҚДМ қолданбалы этно-саяси институтының қызметкері:

- Олардың болашақтарына деген кішігірім қадам деп түсінеміз. Және бұл өз өнерлерін қазір көрсеткенімен осымен ұмытылып қалмайды ол балалар. Және алдағы уақытта қоғамдық іс-шараларға белсене қатыстырып, біз олардың болашағына деген сенімін арттырсақ деген, өзіміздің көмегімізді осыған тигізсек деген мақсатта осындай жобаны іске асырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы