423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда екі партия қайта тіркеуден өтті

  • 51
  • UPD: 22:58, 20.11.2020

Елімізде екі партия қайта тіркеуден өтті. Олар «Адал» және «Қазақстанның халық партиясы».

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған жиында мәлім болды. Саяси ұйымдар осыған дейін еліміздің барлық өңірінде бөлімшелерін ашып үлгерген. Енді олар ұсынған кандидаттар Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндік алды. Саяси дода келесі жылы 10 қаңтарда өтеді. Сайлаудың әділ өтуін шетелден келген 29 адам бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы