421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IX Азаматтық форум: қандай мәселелер талқыланады

  • 98
  • UPD: 10:44, 23.11.2020
IX Азаматтық форум: қандай мәселелер талқыланады

23-26 қараша аралығында IX Азаматтық форум аясында министрлік басшыларының үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен 12 салалық онлайн-кездесуі өтеді, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

Қоғамдық ұйымдардың басшыларымен денсаулық сақтау министрі А.Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, әділет министрі М.Бекетаев, ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Жайылғанова, ішкі істер министрінің орынбасары А.Заппаров, қаржы бірінші вице-министрі Б.Шолпанқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов кездеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесулерді өткізудің мақсаты орталық мемлекеттік органдар басшыларының үкіметтік емес сектор өкілдерімен ашық диалогы болып табылады.

«Форум аясында ҮЕҰ-мен кездесулер өткізу мемлекеттік органдар қызметінің транспаренттілігін және мемлекет іске асыратын бағдарламалар мен бастамалар туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыруға ықпал етеді. ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарға жедел әрекет етуге және халықтың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов.

Кездесулер барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті ұсынымдар мен бірлескен іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу жөніндегі тәсілдерді қарау және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Министрлермен кездесу үшін республикалық және өңірлік ҮЕҰ, БАҚ, сараптамалық қоғамдастықтардың, «Адалдық алаңы» жобалық офистерінің өкілдері, арнайы мониторингтік топтар шақырылады.

Кездесулер Facebook https://www.facebook.com/ngogovkz, Youtube: azamattyqforum, Instagram: https://instagram.com/azamattyqqogam.komitet әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде көрсетілетін болады. Форум бағдарламасы және қатысушыларды тіркеу www.azamattyqforum.kz сайтында қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы