419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азаматтық қоғам денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетеді

  • 111
  • UPD: 23:12, 23.11.2020
Азаматтық қоғам денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетеді

Елдің денсаулық сақтау саласында 234 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Олар медициналық компаниялар мен ведомстволардың қызметін бақылап, ашықтық пен бәсекенің болуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 9-шы Азаматтық қоғам форумының онлайн алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, белсенділер бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алу үдерісіне де қатысады. Сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдері туберкулез, иммун тапшылығы вирусы сынды аурулардың алдын алу шараларына да атсалысады. Жауапты ведомство жыл сайын үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Мәселен, биыл сомасы 38 млн теңгеден асқан 3 жоба атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы