432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан халық партиясы» алдағы сайлауға 125 үміткерін ұсынады

  • 265
  • UPD: 01:32, 24.11.2020

«Қазақстан халық партиясы» алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына 125 үміткерін ұсынады.

Бұл туралы партия төрағасы Айқын Қоңыров айтты. Бүгін кезектен тыс 16-ншы съезінде дайындық жұмыстары пысықталды. Таяуда атауы ауысқанымен, мақсат-ұраны өзгермеді. Олар: Халық, Жер және Әділдік.

«Қазақстан халық партиясының» кезектен тыс 16-ншы съезінде сайлауалды тұғырнаманы пысықтау және партиялық тізімді бекіту жұмыстары жүргізілді. «Халық. Жер. Әділдік» деген ұран астарына бірқатар міндет кіреді. Олар: кедейлікпен, жұмыссыздықпен, әлеуметтік, экономикалық және білім теңсіздігімен күрес, жер мен жер ресурстарын мемлекеттік меншік ретінде қорғау, мемлекеттік органдардың қызметін халықтық бақылау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және елде тұратын барлық этностың мәдени мұрасын сақтау.

Айқын Қоңыров, Қазақстан халық партиясының төрағасы:

– Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс сайлауына 125 үміткерді ұсынамыз. Әр кандидатура әр өңірде қаралып, мақұлданды. Қазіргі заң шеңберінде біз бекіткен тізім жастар және гендерлік квоталарға сай келеді деп ойлаймыз.

Максим Казначеев, саясаттанушы:

– Партияның ребрендинг туралы шешімі бұл аудитория ауқымын кеңейтуге бағытталған қадам деуге болады. Бұл – белсенділіктің белгісі. Енді мұның қандай нәтиже берерін тек алдағы сайлау көрсетеді.

Орталық комитет хатшысы Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, осыдан екі апта бұрын қабылданған ребрендинг жоспары 2 жыл бұрын пайда болды. Ал «Қазақстан коммунистік халық партиясы» атауы партияның кезектен тыс 15-нші съезінде «Қазақстан халық партиясы» деп өзгертілді.

Жамбыл Ахметбеков, ҚХП Орталық комитетінің хатшысы:

– Қазіргі кезде біздің мақсаттарымыздың бәрі партияның бұрын қабылданған бағдарламасына сәйкес қабылданады. Ең басты мақсатымыз – әлеуметтік мемлекет құру мәселесі. Ребрендингті де сол үшін жүргіздік. Ребрендинг жүргізгенімізбен, мақсатымыз өзгерген жоқ.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

– Өте үлкен маңызы зор бағдарлама болды. Оның ішінде қазіргі бағдарлама елдің тыныштығына, елдің мүддесіне, халықтың мұңына шығарған екен. Біз бұл қуанышқа ортақпыз.

Аталған партияның елімізде тіркелгеніне 16 жылдан асты. Қазіргі уақытта республика бойынша 100 мыңнан астам мүшесі бар.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы