420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді зерделеуде

  • 146
  • UPD: 11:09, 24.11.2020
Сенаторлар зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді зерделеуде

Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында қызметкерлерге зейнетақы жарналарын төлеуде де, зейнетақы тағайындау мен төлемі барысында да жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен тең құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Келісім күшіне енгеннен кейін біздің азаматтарымыз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында еңбек еткен кездегі зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға, сақтауға және іске асыруға толық құқылы болады», - деді комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы.

Келісімді ратификациялау ЕАЭО аясында еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын орнықты дамыту үшін жағдай жасайды және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында еңбекшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Құжат Палатаның қарауына берілді.

Хабар 24 телеарнасы