425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елбасы «University Medical Center» қорының төрағасын қабылдады

  • 222
  • UPD: 20:50, 24.11.2020
Елбасы «University Medical Center» қорының төрағасын қабылдады

«Назарбаев Университетінің» Жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Юрий Пя заманауи медициналық білім беруді дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу бағыт пен денсаулық сақтау саласындағы ахуал да талқыланды. Өз сөзінде Елбасы қазір медицина қызметкеріне жүктеліп отырған жауапкершілік жүгі ауыр екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы