426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Nur Otan кезектен тыс XX құрылтайын өткізді

  • 241
  • UPD: 15:36, 25.11.2020

Бүгін Nur Otan партиясы кезектен тыс 20-сыншы съезін өткізді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен құрылтайда Мәжіліске арналған партиялық тізім ішіне 126 үміткер ұсынылды. Сондай-ақ Партия Төрағасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға да тоқталды.

«Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар. Партиялық тізімнің 30%-і – әйелдер. Сонымен бірге тізімде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар», – деді съезд жұмысын ашқан Елбасы.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

– Халықтың сайлауалды бағдарламаларын бастап жатқан партияларға деген сенімі төмен. Сайлау басталады дегенде оянады. Қоғамдағы негізгі талап: депутаттар халықтың мүддесін қорғауы керек.

Хабар 24 телеарнасы