425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта бірқатар заң қабылданды

  • 183
  • UPD: 13:33, 26.11.2020
Сенатта бірқатар заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдады.

Құжат еліміздегі баламалы қуат көздерін дамытуды көздейді. Сондай-ақ электр энергиясын арзандатып, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай туғызатын көрінеді. Бұдан бөлек, заң жобасы Қазақстанның сыртқы энергия көздеріне деген тәуелділігін азайтуы тиіс.

Сондай-ақ Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады. Құжатқа сай жұмысшының құқықтары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен теңеседі. Сондай-ақ әрбір мемлекет жұмысшыға өз аумағындағы жұмыс өтіліне байланысты зейнетақы төлейді. Төлем мөлшері әр елдің ұлттық заңнамасына сай тағайындалады. Айта кетейік, 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта интеграциялық бірлестік аумағында жұмысшыларға жағдай жасау үшін тиісті нормалар бекітілген. Осыған орай келісім әзірленді. Оған одақтас мемлекеттердің президенттері былтыр Ресейде қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы