420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңірлік мәслихаттардағы жастардың үлесі өте аз

  • 100
  • UPD: 13:49, 26.11.2020
Өңірлік мәслихаттардағы жастардың үлесі өте аз

Жалпы қазіргі таңда 216 өңірлік мәслихатта 3300-ден астам депутат бар. Солардың тек 2%-і ғана жастардың қатарынан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижесінде бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін елордада өткен сарапшылар жиынында кеңінен талқыланды. Саясататтанушы Ерлан Сайыровтың айтуынша, алдағы уақытта өңірлік мәслихат депутаттарының 30%-і жастар мен әйелдер болады. Сонымен бірге бақылаушылар институты нығая түсуде. «Бұл қазақстандықтардың саяси мәдениеті жоғарылағанының дәлелі», - дейді саясаттанушы.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

- Көптеген азаматтар өзінің инициативасы бойынша әртүрлі топтардың инициативасы бойынша қазір жан-жақта бақылаушылар институты қалыптасып келе жатыр. Бұл да біздің еліміздің әрбір азаматтың өзінің даусын өзінің саяси капиталы екендігін түсінгеннің нәтижесі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы