419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті

  • 114
  • UPD: 19:38, 26.11.2020
Президент ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процестердегі рөліне тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы