419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ә.Сқақов: Коронавирустың өршуіне шетелден келгендердің әсері бар

  • 108
Ә.Сқақов: Коронавирустың өршуіне шетелден келгендердің әсері бар

Павлодар облысы әкімінің айтуынша, бүгін тек үш бағыт бойынша ғана қоғамдық көлік шықпаған.

Алайда тасымалдаушылардың 90%-і өз міндеттерін орындауға қайта кірісті.

«Жүйелік проблемалардың бар екендігі айқын. Жолаушылар тасымалдайтын мекемелер пандемияға байланысты кірістерінен айырылған», – дейді әкім. Мәселе сараланған тариф енгізілгеннен кейін ғана шешілуі мүмкін. Себебі электронды билет жүйесі компаниялардың кірісін арттырады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

– Кеше қалада 3 бағыт бойынша автобустар жолға шықпады. Қала әкімі компания өкілдерімен кездесіп, мәселенің шешімін тапты. Бүгін 90%-і жолаушылар тасымалына қайта кірісті. Жағдай реттелді деуге болады. Электронды билет жүйесін енгізіп, арнайы тариф қолдана бастағанда жүйелік мәселелер толық шешімін табады деп ойлаймын. Электронды билеттер арқылы жеңілдікпен жүретін жолаушылардың нақты санын анықтаймыз. Сөйтіп жолаушылар тасымалын қаржыландыратын боламыз.

 

Коронавирустың өршуіне шетелден келгендердің әсері бар

Қазір коронавирус бойынша қызыл аймаққа енген өңірде дерт жұқтырғандар көбейген. Мұның себебін әкім Ресейден келгендердің көптігімен байланыстырады. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, өткен айда көрші елден 34 мың адам осы өңірге өткен. Кейін шектеу шаралары енгізіліп, өткізу бекеттерінде тексеріс күшейді. «Сәйкесінше ауру тасымалдау көрсеткіші төмендеді», – дейді аймақ басшысы.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

– Ауруханалардағы жансақтау бөлімінің төсек орындары көбейтілді. Стационарлар барынша жабдықталды. Оттегі 6 есе ұлғайды. Дәрі жеткілікті. Медициналық қызметкерлер резервінің саны – 600. Әрине, коронавирус қауіпті. Оны анықтау да, онымен күресу де оңай емес. Өзге науқастардың да жағдайын ескеруді ұмытқан жоқпыз.

 

Хабар 24 телеарнасы