419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Әшімбаев: Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға 30%-тік квота енгізілді

  • 156
  • UPD: 23:45, 27.11.2020

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблеясының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес пен ұйымның 51-ші жалпы отырысы онлайн форматта өтті. Онда елдердің індетпен күрес бойынша қабылдаған заңнамалары талқыланды. Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Оның ішінде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жайы айтылды. Мәулен Әшімбаев кеңес жұмысын жоғары бағалап, біздің елде болатын сайлау туралы хабардар етті. Парламенттік оппозицияның жаңа институты туралы да баяндап берді. Парламентаралық Ассамблея мүшелерін сайлауға байқаушы ретінде шақырды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға 30%-тік квота енгізілді. Бұл жастар пен әйелдердің Парламент пен мәслихаттар қызметіне көбірек қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еліміз Президентінің бастамасы бойынша парламенттік оппозиция институты заң жүзінде бекітілді. Мәжіліске өткен оппозициялық партияларға комитеттер құрамында басшылық лауазымдарды атқару құқығына кепілдік берілген. Онда Мәжілістегі бір тұрақты комитеттің төрағасы мен екі комитеті хатшысының лауазымдары туралы айтылып отыр. Парламенттік оппозицияға парламенттік тыңдауларға бастамашылық жасау, балама заң жобаларын енгізу және Мәжілістегі Үкімет сағатының күн тәртібін әзірлеу мүмкіндігі бекітіледі7

Хабар 24 телеарнасы