420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЖСДП алдағы парламенттік сайлауға қатыспайды

  • 146
  • UPD: 23:32, 27.11.2020
ЖСДП алдағы парламенттік сайлауға қатыспайды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға ешқандай үміткер ұсынбайды.

Бүгін елордада өткен саяси ұйымның XVI съезінде көпшіліктің пікірі бойынша осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым мүшелері алдағы сайлауға байқаушы болу мәселесін де ашық қалдырды. «Нақты шешім партияның саяси кеңесінің келесі отырысында қабылданады», - деді партия төрағасы.

Асхат Рақымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:

- Біз жаңғыруға бет бұруымыз керек. Логотипімізді ауыстыруымен ғана шектелмеуіміз қажет. Жұмыс істеу әдісімізді өзгерту керек. Партияны құру жұмыстарын әрі қарай жалғасады. Шұғыл шешім қабылдайтын қабілетіміз жоқ екенін мойындауымыз керек. Саяси кеңеске партияның жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оның жобасы келесі съезде қаралатын болады.

Хабар 24 телеарнасы