419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар аутстаффингке қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарайды

  • 98
  • UPD: 17:21, 30.11.2020
Сенаторлар аутстаффингке қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарайды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті.

Онда депутаттар 2020 жылғы 3 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметінен босату мәселесі қаралады. Сондай-ақ сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды.

Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.

Одан бөлек, депутаттар «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауға дайындық барысын пысықтады. Аталған іс-шара 2020 жылғы 4 желтоқсанда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы