429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының ел тарихындағы орны мен халықаралық бастамалары талқыланды

  • 152
  • UPD: 18:51, 30.11.2020
Елбасының ел тарихындағы орны мен халықаралық бастамалары талқыланды

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық дәрежедегі саясаткер» деген атаумен халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Елбасының ел тарихындағы орны мен халықаралық бастамалары талқыланды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми және өзге де қатысушылар сөз алып, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына тоқталды. Сондай-ақ конференцияға бірқатар әлемдік деңгейдегі саясаткерлер онлайн форматта қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Ермұхамет Ертісбаев, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Тони Блэр, Жак Аттали, Кандализа Райс, Пан Ги Мун. Ммен бұл адамдардың қызметін емес, аты-жөндерін ғана айтып отырмын. Себебі оларды бәрі біледі. Аталғандардың барлығы Назарбаевтың расында әлемдік деңгейдегі саясаткер екенін атап өткен.

 

Хабар 24 телеарнасы