423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Абдулла Гүл: Н.Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде тұрақты және сенімді мемлекет құрды

  • 266
  • UPD: 23:10, 30.11.2020

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық дәрежедегі саясаткер» деген атаумен халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Елбасының ел тарихындағы орны мен халықаралық бастамалары талқыланды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми және өзге де қатысушылар сөз алып, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына тоқталды. Сондай-ақ конференцияға бірқатар әлемдік деңгейдегі саясаткерлер онлайн форматта қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы (2007-2016):

- 1991 жылдың 29 тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрегендік танытып, 409-шы маңызды жарлық шығарып, сынақ полигонын жабу жөнінде шешім қабылдады. Ол жерде 500-ден астам жарылыс болып, жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізді. Өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті күшейткен бұл сенімді қадам Қазақстанның қарусыздану саласындағы жаһандық көшбасшылығын жеделдете түсті. Және салыстырмалы түрде жас мемлекеттің сыртқы саясатын жаңа белестерге бастады.

Абдулла Гүл, Түркия Республикасының бұрынғы президенті:

- Ұзақ саяси өмірімде, 7 жылдық президенттік қызметім кезінде құрметті Назарбаев мырзамен етене жақын жұмыс істеу мүмкіндігім болды. Және мен оны жақынырақ таныдым. Арамызда берік достық орнады. ХХ ғасырдың маңызды саяси оқиғалардың бірі – Кеңес Одағының ыдырауы болды. Құрметті Назарбаев мырза дамыған қазіргі Қазақстанның Президенті, қазақ халқының ұлы көреген көшбасшысына айнала алды. Тұңғыш Президент ретінде ол тұрақты және сенімді мемлекет құрды.

Хабар 24 телеарнасы