423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Партиялар кандидаттарды ұсыну кезеңін сәтті өткізді

  • 240
  • UPD: 22:44, 30.11.2020
Партиялар кандидаттарды ұсыну кезеңін сәтті өткізді

Алда болатын Парламенттік сайлауда 5 бірдей партия бақ сынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы күні барлығы өз серкелерін іріктеп, кандидат ретінде тіркеп қойды. Арасында жасы да, жасамысы да бар. Сақа саясаткерлер де жүр. Жастар мен әйелдерге мол сенім артылып отыр. Көптеген сарапшылар «алдағы дода тартысқа толы болады» деп топшылайды. Қазір сол аламанға қызу дайындық жүріп жатыр. Саяси ұйым өкілдері «ел сенімін ақтау үшін аянбай еңбек етуге әзірміз» дейді.

Асхат Садырбай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Бағдарламаларымен таныстық. Кандидаттармен де танысып жатырмыз. Олардың ішінде елге кеңінен танымал тұлғалар бар. Мықты-мықты қоғам белсенділері кірді ол тізімге. Сондықтан халық оларға үлкен үміт артады, біз де үміт артамыз.

Хабар 24 телеарнасы