420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т.Грациани: Н.Назарбаев еңбегінің тарихи маңызы зор

  • 194
  • UPD: 18:47, 01.12.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы рөлінің тарихи маңызы зор.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрумен қатар қоғам мен халықты біріктірді. Бұл туралы Римде меншікті тілшімізге сұхбат берген Ғаламдық сараптамалар институтының басшысы Тиберио Грациани айтты. Сарапшының пікірінше, елдің тәуелсіздік алғанына отыз жылдай уақыт өтті және дербес мемлекет құру жолындағы Елбасының еңбегі халықаралық қауымдастықтың назарынан тыс қалған жоқ.

Тиберио Грациани, ғаламдық сараптамалар институтының басшысы:

– Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімде жаһандағы Қазақстанның орнын нығайтты. Ол әлемге ядролық қару мен соғысқа қарсы бағытталған бастамаларын ұсынды. Қазақстан Орталық Азиядағы көршілес барлық елмен, сондай-ақ Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынас орната алды. Әсіресе 2019- жылы наурыз айында президенттік биліктің ауысуы сәтті өткенін ерекше айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы