417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Тұңғыш Президент күніне орай жиын өтті

  • 197
  • UPD: 23:28, 01.12.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні шет мемлекеттерде де аталып өтіп жатыр.

Түрік елінде арнайы жиын ұйымдастырылды. Оған Түркия мен еліміздің ғалымдары, қоғам қайраткерлері қатысты. Қазақстан елшілігі мен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен онлайн кездесуде, Тұңғыш Президенттің Әлем бейбітшілігіне қосқан үлесі және халықаралық бастамалары сөз болды. Ғалымдар Елбасының түркі дүниесімен қоса, араб әлеміне де үлгі боларлық рухани еңбектері мәңгілік сақталады деген пікірде.

Вакур Сумер, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Нұрсұлтан Назарбаев барлық салада көшбасшылық етті. Халықаралық деңгейде, соның ішінде Түркі дүниесінде бірқатар игі бастамаларды жүзеге асырған тұлға. Бүгінгі отырыста 1991 жылдан бергі ішкі және халықаралық саясаттағы еңбектерін талқыладық.

Хусейин Бағжы, Таяу Шығыс университетінің профессоры:

- Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы секілді түркі дүниесі ықпалдастығын арттыратын халықаралық ұйымдардың құрылуы тікелей Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Оның аймақ пен әлем бейбітшілігінде үлесі, арағайындылығы мен бітімгерлігі айырықша. Бүгінгі тұрақты және келісімі жарасқан Қазақстан – ақсақалдың еңбегінің жемісі.

Хабар 24 телеарнасы