429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Сыртқы істер министрі М.Тілеубердіні қабылдады

  • 298
  • UPD: 21:13, 02.12.2020
Қ.Тоқаев Сыртқы істер министрі М.Тілеубердіні қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары, соның ішінде өзге елдермен екі жақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екі жақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы