423,87 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Депутат Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды

  • 286
  • UPD: 22:47, 02.12.2020

«Nur Otan» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі бекітілді.

Бұл туралы шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды. Партиялық тізімге 126 адам енген. Олардың қатарында Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева және Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бар. Орталық сайлау комиссиясында айтылғандай, үміткерлердің барлығы Конституция мен сайлау туралы конституциялық заңнаманың талаптарына сай келеді.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Кім «Nur Otan» партиясының тізімін қабылдау үшін дауыс беруіңізді сұраймын. Рақмет, бірауыздан. Осылайша «Nur Otan» партиясының тізімі тіркелді. Партияны құттықтаймын. «Nur Otan» партиясының тізімін тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан халық жинақ банкіне жіберуді тапсырамын. Енді партия сайлау қорын қалыптастыруға арнайы шот ашуға құқылы.

Мәлім болғандай, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігін тоқтату туралы құжатты қабылдады. Мұндай шешім «Nur Otan» партиясы саяси бюросының қаулысына сүйеніп қабылдаған. Партияның бақылау комитетінің басшысы Павел Казанцев өзінің фейсбук парақшасында атап өткендей, Әлтаев партияның беделін түсіретін әрі оның мүддесіне қайшы келетін іс-қимылдар жасағаны үшін партия қатарынан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы