419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Әбдірахманов ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды

  • 165
Қ.Әбдірахманов ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды

Қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды.

Ал ұйымның Бас хатшысы неміс дипломаты - Хельга Шмид. Сондай-ақ демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры болып итальяндық Маттео Мекаччи, ал БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл ретінде португалдық саясаткер Тереза Рибейра сайланды. Бұдан бөлек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қатысушы мемлекеттерінің отырысында 57 қатысушы ел консенсусқа келгені белгілі болды. Алғаш рет өткен онлайн отырыста геосаяси ахуал және ұйымның институционалдық дағдарысы сынды мәселелер қозғалды. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Осы жылдың шілде айында ұйымның барлық төрт басшысының: Бас хатшының, ДИАҚБ басшысының, Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың және БАҚ бостандығы жөніндегі өкілдің мандаттары тоқтатылған. Бұған дейін ТМД және Орталық Азияны қоса алғанда, Венадан шығысқа қарай орналасқан елдердің өкілдері ешқашан ЕҚЫҰ басшылығының құрамында болмағанын атап өту маңызды. Швеция мен Даниядағы бірінші қазақстандық дипломат, біздің елдің Швеция мен Даниядағы елшісі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановты ұсыну туралы шешім қабылдады. Қайрат Әбдірахмановтың ұсынылуын ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер жылы қабылдады. Осылайша Қазақстан біздің кандидатура бойынша үлкен қолдауға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы