430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азиямен ынтымақтастықты нығайту қауымдастығы құрылды

  • 206
  • UPD: 13:10, 07.12.2020

Сеулде Еуразия болашақ көшбасшыларының қауымдастығы құрылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым құрамына қазақстандық және оңтүстік кореялық студенттер мен Ресей, Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері кірді. Бірлестік мүшелерінің мақсаты – өз елдерінің Оңтүстік Кореямен мәдени және іскерлік ынтымақтастығын дамыту. Қауымдастықты құруға дем берушілердің бірі – Ханщин университетінің профессоры, ТМД елдері бойынша сарапшы Пак Сан Нам. Саясаттанушының айтуынша, Қауымдастық болашақта Кореямен қарым-қатынасын дамытуға үлес қосатын Еуразияның жаңа көшбасшыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пак Сан Нам «пандемия кезінде Еуразия елдері мен Сеул арасындағы ынтымақтастықтың басты тақырыбы азаматтардың денсаулығын сақтау болуы керек», - дейді.

Пак Сан Нам, саясаттанушы:

- Нұрсұлтан Назарбаев көп жақты дипломатияның маңыздылығын жақсы біледі. Орталық Азия елдерімен және Түркиямен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ол Қазақстанды жоғары дипломатиялық деңгейге көтерді. Біз Қазақстанның бірінші Президентінің осындай саясатын пайдаланып, аймақ елдерімен қарым-қатынасты жақсартуымыз керек. Менің ойымша, Корея Қазақстандағы индустрияның, цифрландырудың және технологияның дамуына үлес қосуы керек. Ал Қазақстан Кореяға Еуразия құрлығының серіктес елі болуға көмектесуі керек.

Ким Со Ён, «Еуразиялық болашақ көшбасшылары» қауымдастығының мүшесі

- Еуразиялық болашақ көшбасшыларының қауымдастығы табылды. Осы EFLA арқылы мен Кореяда тұрған Корея және Орталық Азия студенттері жиналып, бір-бірімен танысады деп күтемін.

Хабар 24 телеарнасы