430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық сайлау комиссиясы ҚХП партиялық тізімін тіркеді

  • 169
Орталық сайлау комиссиясы ҚХП партиялық тізімін тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында «Қазақстан Халық партиясының» партиялық тізімін тіркеу және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы отырысы өтті.

Отырысқа Бас прокуратураның, саяси партиялардың, Әділет, Ішкі істер және қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Ал аумақтық сайлау комиссиялары мен БАҚ өкілдері бейнеконференция арқылы байланысқа шықты.

Осылайша 62 халықаралық байқаушы аккредиттелді. Заңға сай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күніне 5 күн қалғанда, яғни 4 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Айта кеткен жөн, «Қазақстан Халық партиясының» ұсынған тізімінде 113 адам бар.

Оның ішінде 41-і – әйелдер мен 29 жасқа толмаған үміткерлер. Олар – тізімге енгізілген барлық кандидаттың 36,2 проценті.

Хабар 24 телеарнасы