424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан елшісі Рим Папасына сенім грамоталарын тапсырды

  • 254
  • UPD: 09:28, 08.12.2020
Қазақстан елшісі Рим Папасына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Ватикандағы елшісі (қызметін қоса атқарушы) Әлібек Бақаев Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан елшісі Рим Папасы Францискке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Рим Папасының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынан өз үмітін білдірді.

Рим Папасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог құру туралы бастамасының іске асырылуын жоғары бағалады.

Рим Папасы Франциск өз сөзінде: «Бүгінде мүмкін бұрынғыдан да көп біздің жаһандану әлемі біздің планетамыздың алдында тұрған елеулі қатерлерге қарсы тұру үшін адамзатты біріктіретін және жас ұрпаққа арналған жарқын болашақты құра алатын шынайы және құрметті диалог пен ынтымақтастықты даму қажет» - деді.

Ватиканға сапары барысында Ә.Бақаев Қасиетті тақтың жоғарғы басшылығымен, атап алғанда кардинал Пьетро Паролин, Ватиканның Мемлекеттік хатшысымен (премьер-министр), оның орынбасары архиепископ Эдгар Парра және архиепископ Пол Галлахер, Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысымен (сыртқы істер министрі) кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Ватиканның Қазақстан елордасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды. 1998 және 2009 жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға ресми сапарлары өтті, ал 2001 жылы Елбасының шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік пасторлық сапармен келді.

Хабар 24 телеарнасы