424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайырымдылық туралы заң жобасы әзірленіп жатыр – Президент

  • 344
  • UPD: 20:02, 08.12.2020

Елімізде қайырымдылық туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлермен өткен онлайн кездесуде осылай деді.

Президент қайырымдылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету аса маңызды міндет екенін айтты. Игі іспен айналысып жатқан ұйымдарға қанша қаражат жиналғанын жұрт көре алуы керек. Одан бөлек бұл істе алаяқтарға алданып қалмау қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселелердің барлығын реттейтін арнайы заң қабылдау қажеттігі туындап отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Ресупбликасының Президенті:

- Қайырымдылық ұйымдарының реестрін енгізу мәселесін ойластыруды тапсырды. Бұл тізбе осы саладағы барлық ақпараттық жүйеге енгізіліп, қайырымдылық ұйымдарының қызметімен, олардың қаржылық есебімен танысқысы келетін кез келген азаматқа қолжетімді болуы тиіс. Электронды қайырымдылық саласында азаматтарды алаяқтардан қорғау жүйесін әзірлеу де маңызды. Бүгінде бұл қаржылай көмек аударудың танымал түрі. Қазақстанның әрбір үшінші азаматы онлайн садақа беруді жөн көреді. Алаяқтыққа жол бермей, азаматтардың сеніміне көлеңке түсірмеу үшін онлайн-банкингтер арқылы садақа беру қызметін жедел пайдалану тетігін енгізу қажет. Бұл қаражаттың түсуін және жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы