419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ОСК партиялық тізімдерді тіркеу нәтижесін жариялады

  • 135
  • UPD: 18:22, 11.12.2020

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтарға белгіленген мәслихат сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысын жариялады.

Нәтижесі бойынша елімізде түрлі деңгейдегі 216 мәслихатқа бес партиядан 832 тізім ұсынылды.

Аймақтық комиссиялар хабарлағандай, 8 партиялық тізім тіркеуден өтпеді. Бұған сайлау жарнасын ұсынбауы және партияның шешімімен тізімді алып тастауы себеп болған. Сондай-ақ 68 үміткер тіркеуден өткен жоқ. Жалпы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға ұзын саны  8334  үміткер тіркелді. Оның ішінде 44,6%-ін әйелдер мен 29-ға жасқа дейінгі азаматтар құрады. Барлығы да ҚР Конституция мен сайлау туралы  Конституциялық заңның талаптарына сай ұсынылған.

Хабар 24 телеарнасы