432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА кеңесі Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін жариялады

  • 239
  • UPD: 21:58, 11.12.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсынды.

Тізімде тоғыз адам бар. Шешім бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен кеңес отырысында жарияланды. Жиында елде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, этникалық мәселені саясиландыруға жол бермей, кез келген жанжалды бейтараптандырудағы Ассамблеяның ролін күшейту жайы талқыланды. Сондай-ақ Ассамблеяның депутаттық корпусының жұмысын жетілдіру жайы сөз болып, болашақтағы қызметі мен мақсат-міндеттері айқындалды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Жыл соңында еліміздің қоғамдық саяси өмірі тағы бір маңызды шарамен толығып, біз ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлау жөнінідегі электторалды науқан қарсаңында тұрмыз. Халқымыздың бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыратын бұл атаулы даталармен мәдени, саяси  шаралар отандастарымызды тәуелсіздікті нығайтуға жұмылдыруға серпін береді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы