417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды

  • 240
  • UPD: 17:25, 12.12.2020
Қ.Тоқаев климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды фото: basnews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 20:00-ден кейін Қазақстан Президенті Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды.

Италия және Чили елдерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ұлыбритания және Франция ұйымдастырған бұл іс-шара видео конференция форматында өтеді.

Виртуалды саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек 75 мемлекеттің Президенттері мен Үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдарының жетекшілері, қоғамдық және академиялық топтардың өкілдері қатысады.

Жиынға қатысушы елдер Париж келісімінің негізгі үш компоненті аясында жаңа әрі аса маңызды міндеттерді жарияламақ. Атап айтқанда коронавирус індетінен кейінгі кезеңде экологиялық және тұрақты қалыпқа келу мәселелерін қамтамасыз етуге бағытталған климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету, оларға бейімделу және қаржыландыру.

Мемлекет басшысы өзінің бейне үндеуінде климаттың өзгеруіне қарсы күресте еліміздің қолданып жатқан негізгі әдістері жөнінде айтып, Париж келісімінде бекітілген мақсаттар мен міндеттерге бейілдігін нақтылайды деп жоспарлануда.

Іс-шараның тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.climateambitionsummit2020.org/index.php», - деп жазды Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы