419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды

  • 216
  • UPD: 22:10, 12.12.2020
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды

Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресейдің Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесіп, осындай мәлімдеме жасады. Сөйтіп, Ресей тарапының мұндай жайттарға тиісті баға беруін күтетінін және Ресейдің мемлекет қайраткерлерін мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады.Ресейлік дипломатқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұстанымы көрсетілген нота табысталды.Осыған дейін Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің «Бірінші арнасына» берген сұхбатында «Қазақстан территориясы – Ресей тарапынан берілген үлкен сыйлық» деп атап өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы